Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Антверпенеде (Бельгия) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бублик ресейлік Александр Шевченкомен жұпта бельгиялық Михаэль Гертс/Готье Онклин дуэтін ұтты - 7:6 (7:4), 4:6, 12:10.
Енді Бублик пен Шевченко алдағы ойында Ллойд Гласспул/Юго Нис (Великобритания/Франция) - Константин Францен/Хендрик Йебенс (Германия) кездесуінің жеңімпаздарымен кездеседі.