Теннистен Қазақстан әйелдер командасының Билли Джин Кинг Кубогіне қатысатын құрамы жарияланды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ярослава Шведова жаттықтыратын Қазақстан командасы мынандай құраммен шығады: Елена Рыбакина (26-орын), Юлия Путинцева (47 -орын), Анна Данилина (жұптық жарыста 21-орын) және Жібек Құламбаева (жұптық жарыста 189-орын).
Қазақстан құрамасы С тобындағы алғашқы ойынын турнир қожайыны Ұлыбритания командасына және 9 қарашада Испания теннисшілеріне қарсы өткізеді.
Еске салайық, бұл турнирде Ұлыбритания, Қазақстан, Аустралия, Бельгия, Канада, Чехия, Италия, Польша, Испания, Словакия, Швейцария және АҚШ командалары 4 топқа бөлініп, жүлделі орындарды сарапқа салады. Топта көш бастаған ұжым жартылай финалға жолдама алады.
Финал қараша айының 13 жұлдызына жоспарланған.