Теннис
24 қаңтар 09:24

Бейбіт Жұқаев Португалиядағы «Челленджер» турнирінің ширек финалына өтті

©ҚТФ

Теннистен Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің 1/8 финалында қазақстандық дерби өтті.

Кортта Бейбіт Жұқаев пен Дмитрий Попко кездесіп, ойын екі сетке созылды. Жұқаев жалпы 6:3, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Сонымен қатар 1/8 финалға Денис Евсеев те шықты. Ол француз Валентин Руайемен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport