Теннис
4 қараша 2023 00:18
 

Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

  Пікірлер

blog.share

Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты ©ktf.kz

Әлемнің 247-ракеткасы қазақстандық Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы Шарлотсвилл челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

blog.share

Әлемнің 247-ракеткасы қазақстандық Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы Шарлотсвилл челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 517-ракеткасы, испаниялық Иньяки Монтес де ла Торремен кездесті.

Бейбіт Жұқаев 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 51 минутқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді. 

Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 284-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!