Australian Open жарысынан кейін Рыбакина әлемдік рейтингте көтерілді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTА) жаңарған рейтингінде екі саты жоғарылап, бесінші орынға көтерілді, деп хабарлайды massaget.kz сайты.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTА) жаңарған рейтингінде екі саты жоғарылап, бесінші орынға көтерілді, деп хабарлайды massaget.kz сайты.
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының 1/8 финалына дейін жетті. Ширек финалға шығар жолда америкалық Мэдисон Кизге жол берді. Жеңіске жеткен қарсыласы кейінгі ойындарда да сәтті өнер көрсетіп, жарыс чемпионы атанды. Ал қазақстандық теннисшінің 1/8 финалға дейін жетуі, екі саты жоғарылауына мүмкіндік берді.
Рейтингтің алғашқы үштігі өзгерген жоқ. Бірінші орында Арина Соболенко (Беларусь) - 8956 ұпай, екінші орында - Ига Швентек (Польша) - 8770 ұпай, үшінші орында - Коко Гауфф (АҚШ) - 6538.
Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева болса 3 саты жоғарылап, үздік 20 теннисшінің қатарына қосылды. Бұл оның мансабындағы ең үздік көрсеткіш.
Жарнама