Australian Open-2023. Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Мельбурнде Australian Open-2023 жарысының жеребесі тартылып, жекелей сында бақ сынайтын қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды.
Мельбурнде Australian Open-2023 жарысының жеребесі тартылып, жекелей сында бақ сынайтын қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды.
Еліміздегі үздік теннисшілер көшін бастап тұрған Елена Рыбакина бірінші айналымда италиялық Элизабетта Коччареттомен кездеседі. Қарсыласы әлемдік рейтингте 67-орындағы ойыншы.
Юлия Путинцеваға бірінші айналымда әлемнің 43-ші ракеткасы румын қызы Соран Кырстя қарсылас атанды.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бірінші айналымда Алехандро Давидович-Фокинмен ойнайды. Испан теннисшісі АТР рейтингінде 32-орында келеді.
"Үлкен дулыға" санатына жататын Australian Open-2023 жарысы 16 қаңтар күні басталады.
Жарнама