Әмір Омарханов Australian Open-2025 турнирінің үшінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Аустралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2025 турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Аустралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2025 турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында өнер көрсетіп жатыр.
Ол турнирдің екінші айналымында аустралиялық Юмерали Ибраимимен кездесті. Нәтижесінде 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы швед Уильям Рихтман болмақ.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмағанын жазған едік.
Елена 1/8 финалда америкалық Мэдисон Кизге (WTA - 14) есе жіберді. 1 сағат 50 минутқа созылған ойында қарсыласы 1:2 (3:6, 6:1, 3:6) есебімен жеңіске жетті.
Жарнама