Ал 1/8 финалда Путинцева 6:2, 6:3 есебімен сол кезде әлемнің бірінші ракеткасы жапониялық Наоми Осаканы жеңіп, қазақстандық теннис тарихына кірген.
WTA рейтингінде енді Путинцева 39-шы орында. Осака екінші орынға сырғып, Бирмингемдегі турнир жеңімпазы - аустралиялық Эшли Барти бірінші орынға көтерілді.
Қазақстанның басқа спортшылары - Зарина Дияс 89-шы орында қалды, ал 19 жастағы Елена Рыбакина 111-шы болды.