Теннис
24 маусым 2019 11:24
 
Әлемнің ең мықты теннисшісін жеңген Путинцева әлемдік рейтингте жоғарлады

  Пікірлер

blog.share

Әлемнің ең мықты теннисшісін жеңген Путинцева әлемдік рейтингте жоғарлады ©REUTERS

Қазақстандық Юлия Путинцева Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде төрт саты жоғарлады, тізім ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Өткен аптада Путинцева британиялық Бирмингемде өткен WTA сериясы турнирінің ширек финалына дейін жетіп, екі партия қорытындысы бойынша (3:6, 2:6) финалға шыққан Юлия Гергестен ұтылды.

Ал 1/8 финалда Путинцева 6:2, 6:3 есебімен сол кезде әлемнің бірінші ракеткасы жапониялық Наоми Осаканы жеңіп, қазақстандық теннис тарихына кірген. 

WTA рейтингінде енді Путинцева 39-шы орында. Осака екінші орынға сырғып, Бирмингемдегі турнир жеңімпазы - аустралиялық Эшли Барти бірінші орынға көтерілді.

Қазақстанның басқа спортшылары - Зарина Дияс 89-шы орында қалды, ал 19 жастағы Елена Рыбакина 111-шы болды.

Жарнама

Живи спортом!