Ресейлік Даниил Медведев ATP 500 Astana Open турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Әлемдік рейтингте 4-орында тұрған Медведев испаниялық Альберто Рамос-Виньоласты 6:3, 6:1 есебімен ұтты.
Ойын 1 сағат 21 минутқа созылды.
Енді турнирдің екінші айналымында ресейлік теннисші Марк-Андреа Хюслер (Швейцария) мен Эмиль Руусувуори (Финляндия) жеңімпазымен кездеседі.