Теннис
23 желтоқсан 2021 00:58

Әлемнің экс-бірінші ракеткасы абақтыға қамалуы мүмкін

©Reuters

Әлемнің экс бірінші ракеткасы, жекелей сында "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін чемпионы Аранча Санчес-Викарио абақтыға қамалауы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Испаниялық спортшы салық төлемегені және үлкен сомадағы қаржыны жасырғаны үшін айыпталуда. Белгілі болғандай, ол салықтан жалтару мақсатында Люксембург банкіне бес милионнан астам еуроны жасырған.

Егер теннисші айыпты деп танылған жағдайда төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Санчестің айтуынша, мұның барлығына бұрынғы күйеуі кінәлі.

Еске салайық, Санчес-Викарио 1989, 1994 және 1998 жылдары Франция ашық чемпионатында топ жарса, 1994 жылы US Open турнирінің финалында жеңіске жетті. Сонымен қатар, жұптық жарыста "Үлкен дулыға" турнирін әр жылдары алты мәрте иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport