Александр Бублик Париж турнирінен шығып қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Париж ATP 1000 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Париж ATP 1000 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған швециялық Микаэль Имермен кездесті.
Бублик матчты брейкпен бастағанымен, одан кейін қатарынан алты геймді қарсыласына беріп қойды – 1:6. Тартысты өрбіген екінші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте көздегенін түсіріп, ширақтық танытты – 7:6 (7:2). Үшінші, шешуші партияда Александр 6:4 есебімен жол берді.
Жарнама