Александр Бублик Дубайдағы турнирде ресейлік теннисшіден ұтылды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бублик екінші айналымда әлемнің жетінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен кездесті. Қазақстандық теннисші 6:4, 6:2 есебімен жеңілді. Кездесу бір сағат бес минутқа созылды.
Айта кетейік, Дмитрий Медведев - "Үлкен Дулыға" турнирінің жеңімпазы. Ал Александр Бублик - Қазақстанның бірінші ракеткасы. Ол ATP рейтингінде 46-орында тұр.
Жарнама