Теннис
14 сәуір 17:53

Алан Құрманғалиев Франциядағы турнирде жеңімпаз атанды

©ҚР ҰОК

Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияның Мец қаласында өткен халықаралық WTT Youth Star Contender Metz турнирінің жеңімпазы атанды.

Спортшы 19 жасқа дейінгі жас санатында алтын медаль иеленді.

Мец қаласындағы турнирде Құрманғалиев Коннор Гринді (Англия) — 3:0, Энрике Риосты (Пуэрто-Рико) — 3:0, Ма Ёнминді (Корея) — 3:1, Флавио Мурьені (Франция) — 3:2, Ли Сынсуды (Корея) — 3:1, Юлиан Чиритуды (Румыния) — 3:1, Ян Хао-Дженді (Тайбэй) — 3:1 есебімен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport