Теннис
7 шілде 2022 14:47
 

300 миллиондай! Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыққаны үшін қанша сыйақы алады?

  Пікірлер

blog.share

300 миллиондай! Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыққаны үшін қанша сыйақы алады? ©wimbledon.com

Лондон қаласында өтіп жатқан Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыққан қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қомақты сыйақыға да қол жеткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Лондон қаласында өтіп жатқан Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыққан қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қомақты сыйақыға да қол жеткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

23 жастағы Рыбакина Үлкен дулыға санатындағы турнирдің жартылай финалына бірінші рет шықты. Кеше отандасымыз Айла Томляновичтен айласын асырған болатын. Осылайша, Рыбакина 535 фунт (298 миллион теңге) шамасында сыйақыға қол жеткізді. 

Енді қазақстандық теннисшісі румын қызы Симона Халепті жеңіп, финалға шықса сыйақысын екі есе, бір милион 50 фунтқа (585 миллион теңге) дейін көбейте алады. Ал чемпион бір миллион фунт (бір миллиард теңгеден көп) сыйақыға ие болады. 

Айта кетейік, Рыбакина мен Халеп арасындағы жартылай финал бүгін, 7 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!