Теннис
24 шілде 2023 15:45

19 жастағы Арысланбек Айтқұлов әлемнің экс 33-ракеткасын ұтты

©ҚТФ

Қазақстандық Арысланбек Айтқұлов Президент кубогі ATP Challenger Tour турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды теннис мектебінің 19 жастағы түлегі, дүниежүзілік рейтингте 1345-орында тұрған Айтқұлов бастапқы кездесуін әлемнің бұрынғы 33-інші, қазіргі 740-ракеткасы, өзбекстандық, ATP 250 жарысының екі дүркін чемпионы Денис Истоминмен өткізді. Қазақстандық теннисші 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Арысланбек ертең іріктеу сайыстарының финалында негізгі додаға өту үшін әлемнің 665-ракеткасы, үндістандық Калианд Пуначпен таласады.

Басқа қазақстандық Виталий Зацепин мен Григорий Ломакин қарсыластарына жол берді. 17 жастағы Зацепин белоруссиялық Егор Герасимовтан 3:6, 2:6 есебімен ұтылса, Ломакин ресейлік Евгений Филипповтан өте алмады - 1:6, 2:6.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport