Таеквондо
10 сәуір 05:24
 

Қазақстандық жас таеквондошылар Сербиядағы турнирде 11 жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық жас таеквондошылар Сербиядағы турнирде 11 жүлде жеңіп алды ©ҚР ҰОК

Таеквондодан Сербияның Белград қаласында өткен Serbia Open G1 халықаралық турнирінде Қазақстан кадеттер мен жасөспірімдер құрамалары сәтті өнер көрсетті.

blog.share

Таеквондодан Сербияның Белград қаласында өткен Serbia Open G1 халықаралық турнирінде Қазақстан кадеттер мен жасөспірімдер құрамалары сәтті өнер көрсетті.

Кадеттер екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Жасөспірімдер жарысты төрт алтын және бір қола жүлдемен аяқтап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Кадеттер арасында Хамзальпер Ромашкин (61 келі) мен Диас Байдуллаев (33 келі) чемпион атанды. Екінші орынды Руслан Стацина (37 келі) еншіледі. Ерсұлтан Оразбекұлы (49 келі), Сұлтанмұхаммед Розиев (45 келі) және Мирас Исенгельдин (65 келі) үшінші орыннан көрінді.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Егор Шаптефраць (78 келіден жоғары), Теміржан Тасқын (51 келі), Нұрперзент Саматұлы (48 келі) және Қанат Рахымберді (68 келі) алтын жүлде иегері атанды. Бекет Болатұлы (73 келі) қола медаль жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!