Таеквондодан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия федерациясы президентінің кубогінде жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді.
Сәуле Сардарова шәкірттерінің еншісінде бір алтын медаль бар. Естеріңізде болса, жарыстың алғашқы күнінде Жансел Дениз (73 келі) финалда иорданиялық спортшыдан басым түсіп, сол арқылы жеңімпаз атанды.
Осылайша, Дениз Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына жеке жолдама жеңіп алды.
Бүгін, 12 наурызда, даянгқа Қазақстанның ерлер құрамасы шығады.