Астанада таэквондодан Kazakhstan Open G-1 ірі халықаралық турнирі өтеді.
Бұл спорттық шара Дүниежүзілік таэквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енгізілген және биылғы 14–16 тамыз аралығында өтеді.
Үш күн бойы даянгта әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең үздік кадеттер, жасөспірімдер мен ересек спортшылар бақ сынайды.
Турнир өтетін орын – Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені.