Жүзу
28 маусым 2019 21:28
 
Спортпен өмір сүр. Жүзумен шұғылданатындарға Эльмира Айғалиевадан кеңес

  Пікірлер

blog.share

Спортпен өмір сүр. Жүзумен шұғылданатындарға Эльмира Айғалиевадан кеңес

Барлық спорт сияқты жүзудің денсаулыққа пайдасы зор. Онымен әр жастағы адам айналыса алады. Сондай-ақ жүзудің бірнеше түрі бар. Соның арқасында жүзгіштер өзіне ыңғайлысын таңдай алады. Vesti.kz тілшісіне жүзу жайлы толығырақ халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін рекордшысы, Азиада-2013 рекордшысы, Barys Arena Pool жаттықтырушы-инструкторы Эльмира Айғалиева айтып берді.

"Мен жүзуге қалай келдім? Бәрі "Малибу құтқарушылары" фильмінен басталды. Ондағы адамдар әдемі, өмірлері керемет болатын. Мен сол кезде жүзіп үйреніп алған соң, дәл осындай әдемі боламын деп армандайтынмын. Кейін жүзу менің өмірімнің мәні екенін түсіндім, себебі бұл іске мен барымды салатын болдым. Әрдайым жаттығып, жетістікке ұмтылып тұрамын және бұл маған ұнайды, қосымша адреналин сыйлайды", - деп бастады Эльмира.

Жүзу туралы

Достар, жүзіп үйреніңіздер! Бұл денсаулық үшін өте пайдалы. Жүзу – ең қауіпсіз спорттың бірі. Бұлшықет қатпарларын шынықтырады. Жүзумен жүйелі айналысатын адамдардың жүрек-қан тамырлары жақсы жұмыс істейді, холестерин мөлшері төмендейді. Сіңір мен буын қатаяды. Ескі жарақаттар жазылады. Есеретін жайт, жүзуге келіп, дұрыс техника қалыптастырмасаңыз, жарақатыңызды одан әрі ушықтырып алуыңыз мүмкін. Басынан бастап дұрыс жүзуді үйреніп алу керек. Алғаш келіп мойын омыртқаларын ауыртып алатындар жиі кездеседі. Біз жаттықтырушы ретінде мұның алдын алғымыз келеді.

Жиі кездесетін қателер

Ең көп таралған қате – басты көтеріп жүзу. Көбі басты су астында ұстау керегін білмейді. "Тыныс алу қиын болады" деп ойлайды. Бас көтерілген соң, аяқ та су бетіне шығып кетеді. Бұл қалып тіпті құрғақ жерде де қиын. Ал суда салмақ екі есе артады. Сондықтан алғаш келіп, "мен жүзіп білемін" дейтіндерден "дұрыс жүзе алатыныңа сенімдісің бе?" деп сұраймын. Нәтижесінде суға түсе салысымен ала-құла жүзіп бара жатқан адамды көреміз. Сондықтан мен алдымен дұрыс жүзуді үйретуге тырысамын. Қате техника жарақат қаупін төндіреді. Жүйке қысылып, адам өзін нашар сезініп, қиналады.

Жүзу арқасында шешілетін проблемалар

Жүзу біраз проблеманы шешеді. Артық салмақты да. Бірақ біраз ньюанс бар. Артық килограммдар тек спортқа байланысты емес: біреудің денсаулығына байланысты артық салмағы бар, біреу расымен жалқау болады. Ағзаға салмақ түсіп, дене шыныға бастаған алғашқы кезеңде артық салмақтан арылу қиын емес. Бірақ кейін дұрыс жүзуді үйреніп алған соң, дене салмағы бірқалыпты болып, бір салмақты ұстап тұрады. Мұндайда жүйелі тамақтану мен фитнесті қатар алып жүру керек болады.

Қазақстанда жүзу спортының дамуы

Дмитрий Баландиннің Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейін еліміздегі жағдай түрленіп сала берді. Содан кейін жүзу көбінің есіне түскендей болды. Бұрын бәрі балаларын бокс, ауыр атлетика, күреске беретін еді. Себебі ол спорттардың өз жұлдыздары болды. Қазір Қазақстаннан осындай чемпион шыққанның арқасында жүзу спорты жаңа қарқын ала бастады. Адамдар балаларымен қоса өздері де бассейндерге жазыла бастады. Еліміздегі жүзу спорты біршама жақсы деңгейге көтерілді. Баландиннен бөлек, оның жеңісінен қуат алған өзге де мықты спортшылар шыға бастады. Дегенмен қазір жүзуге толыққанды көңіл бөлінбей келеді, себебі спортшылар әлі де жеткілікті деңгейде өздерін көрсете алмады. Бірақ ол күн де алыс емес.

Спорт киімі мен шығын

Алдымен 3-4 мың теңге тұратын жақсы су баскиімі керек. Су көзілдірігі де арзандау. Енді бастап жатқандарға қымбатын алудың еш қажеті жоқ. Шомылу киімдері де аса қымбат емес. Барлығын бір спорт дүкенінен сатып алуға болады. Алайда, кәсіби жүзу спортындағы шығын әлдеқайда көп. Бір гидрокостюмның өзі 400 доллар тұрады. Ол көп шыдамайды. Ары кетсе бір-екі жарыста киерсің, одан кейін жаңасын сатып алу керек.

Судан қорқу

Су қорқынышын жеңу аса қиын шаруа емес. Бастысы жаттықтырушыға сенім артып, айтқанын дұрыс істеу керек. Егер жаттықтырушының ойын, нұсқаулығын дұрыс түсініп, талпынудан қашпасаң, даму болады.

Неше жастан бастап жүзумен айналысуға болады?

Қазіргі уақытта балаларды алты жастан бастап қабылдаймын. Ал егде кісілерге талап жоқ. 45, 50 жастағы кісілер де келіп жатады. Тіпті 60 жаста бастаймын десеңіз де өз еркіңіз. Бастысы денсаулығыңыз жарап тұрса болғаны.

Болашақ Олимпиада чемпионын көзбен шолып анықтауға бола ма?

Жаттығып жүрген спортшының ерекше иілгіш қасиеті болуы тиіс. Сондай-ақ бұлшықеттер де созылғыш болу керек. Баланың бойы да үлкен рөл атқарады. Аяқ-қолдың ұзындығы спортшы үшін жақсы үстемдік. Бірақ мұның барлығы әрдайым іске жарамай қалуы мүмкін. Мысалы мен енді жүзіп бастағанда бойыма қарап "сенен жүзгіш шықпайды" деген еді. Ал қазір мен Қазақстанның 12 рекордын жаңартқан спортшымын. Баланың бітіміне қарап бірден қандай деңгейге жететінін анықтау қиын. Барлығы судағы қабілетіне байланысты.

Жаттығулардың бағасы

"Барыс Аренада" бағалар қолжетімді. Үлкендерге жаттықтырушымен бірге дайындалу (12 жаттығу) бағасы – 30 мың теңге. Бір рет жаттығу 3 мың теңге тұрады. Балаларға арналған пакет – 24 мың теңге. Сондай-ақ, топтық жаттығулар да бар: балалар пакеті 12 мың теңге, үлкендердікі 15 мың теңге тұрады. Ал фитнес-клубтардың бағасы сәл қымбат болады, шамамен 40 мыңнан басталады.

Жас спортшылардың ата-аналары неге дайын болуы тиіс?

Баланың сәтсіздікке ұшырап, қиналатынына дайын болу керек. Тамақтану, ұйқы, жаттығу режиміне үйренген жөн. Кей оқушының оқу үлгерімі нашарлауы мүмкін. Жаттығуға деген құлшынысы сөніп қалмау үшін, баланы әрдайым қолдап отыр керек. Себебі спорт тек физикалық дайындықты емес, психологиялық дайындықты да қажет етеді.

Мотивация "Есте болсын, жүзу деген – даму. Бірінші кезекте бұл денсаулық кепілі. Кез келген бала спортқа келген соң жан-жақты дамиды. Өз еңбегінің арқасында жетістікке жетеді. Менің еңбегім – менің жетістігім. Дәл осындай ұстанымда болу керек", - дейді Айғалиева.

Айта кетейік, Vesti.kz сайты "Живи спортом" жобасын бастаған болатын. Негізгі мақсат – елімізде бұқаралық спортты дамыту әрі насихаттау. Әр шығарылымда көпшілік айналысуға ыңғайлы спорт түрі жайлы жазатын болады. Сарапшы ретінде танымал чемпиондар, жетістік шыңын бағындырған әуесқой спортшылар да таңдалады.

"Живи спортом" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр.

Жарнама

Живи спортом!