Жүзу
23 сәуір 2020 17:08

Олимпиада жүлдегері бассейн жоқта қалай жүзіп жаттығатынын көрсетті

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, ұлыбританиялық спортшы Шэрон Дэвис карантин кезінде бассейнсіз қалай жүзуден жаттығу жасап жүргенін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


57 жастағы спортшы жүзуге қажет киім, көзілдірік пен бас киімін киіп, үстелдің үстіне жатып, "жүзу" жаттығуларын жасаған. Осылайша ол жүзудің баттерфляй, кроль секілді техникаларын жасаған.

"Бассейн жоқ болса, осылай жасайсыздар!", - дейді Шэрон Дэвис.



Спортшы жаттығу жасауға 13 жастағы ұлы көмектескенін айтты. Дэвис оқырмандарына осы жаттығуды қайталап, фото немесе видео жариялауды ұсынған. Видео 228 мың қаралым жинаған.

Бұған дейін ресейлік спортшы осыған ұқсас жаттығу жасаған.



Шэрон Дэвис - ұлыбританиялық спортшы, 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.