Плавание
22 тамыз 2018 17:53
 
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Азия ойындарында қола алды

  Пікірлер

blog.share

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Азия ойындарында қола алды Данияр Майлыбаев

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Индонезия жерінде өтіп жатқан XVIII жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз 100 метрге брасс әдісімен жүзуде жапон және қытай елінің спортшыларына жол беріп алды.

Финалдық бәсекеде Дмитрий 59,39 секунд көрсеткішімен үшінші болып келді. Алтын медальды Азия рекордын жаңартқан жапон спортшысы Ясухиро Косеки иеленді. Ол 58,86 секунд көрсеткішімен үздік шықты. Бүгін ғана Баландиннің рекордын жаңартқан қытай спортшысы Ян Зибейдің нәтижесіне өзгеріс енгізді. Ал аспан асты елінің өкілі финалдық бәсекеде екінші келіп (59,31 сек), күміс алды.

Айта кетейік, Дмитрий Баландин 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алдына жан салмаған еді. Ал Риодағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде бірінші келіп, сенсация жасаған-ды. Джакартадағы Азия ойындарында отандасымыз бұл қашықтықтағы жарысқа жарақатына байланысты қатыса алмайды.

Жарнама

Живи спортом!