Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі алтын жүлде қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Суға жүзушілер Әділбек Мусин мен София Әбубәкірова алтыннан алқа тағынды. Олар баттерфляй стилінде 100 және 50 метрлік қашықтықта жеке өнер көрсетті.
Әділбек 53,20 секундпен, Әбубәкірова 27,17 секунд көрсеткішпен бас жүлдені жеңіп алды.
Финалға тағы бір қазақстандық Данэлия Дю шықты. Ол 28,34 секунд көрсеткішпен бесінші болып мәреге жетті.