Жүзу
9 сәуір 2018 12:59
 
Дмитрий Баландин Испаниядағы халықаралық турнирде топ жарды

  Пікірлер

blog.share

Дмитрий Баландин Испаниядағы халықаралық турнирде топ жарды ҚР ҰОК

Суда жүзу спортынан Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Испания ашық чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде үздік шықты. Отандасымыз жеңімпаз атанып қана қоймай, халықаралық турнирдің рекордын да жаңартты.

Дмитрий Баландин 200 метрді (брасс) 2:09,31 минутта жүзіп шықты. Осылайша күні кеше өзі орнатқан рекордты жаңартты. Жартылай финалда қазақстандық спортшы  2:10.96 минутта жүзіп өткен болатын.

Дәл осы қашықтықта жарысқа қатысқан Айбек Қамзенов 7-орын алды. Ал 100 метрге еркін әдіспен жүзуде Әділ Қасқабай мен Әділбек Мусин бүгін финалдық кезеңде бақ сынайды.

Айта кетейік, жарыстың бірінші күні 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин күміс жүлде иеленген болатын.

Испаниядағы халықаралық турнир – жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының Азия ойындарына дайындығының бірі кезеңі.

Жарнама

Живи спортом!