Дмитрий Баландин бастаған спортшыларды америкалық бапкер жаттықтыратын болады
© Olympic.kz
Жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай АҚШ-тағы ең танымал бапкерлердің бірі, америкалық Дэйв Салоның қоластында жаттығады, - деп хабарлайды Vesti.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүзу әлемінде аталған бапкердің есімі ерекше аталады. Өйткені, Сало көптеген әлем және Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындаған.
Әр жылдары ол Аарон Пирсол, Джейсон Лизак, Аманда Бирл, Стасьян Ститс, Ленн Кразейльбург, Гэйб Вудвард, Колин Лэйн, Ребекка Сни, Усама Меллули, Косуке Китаджима, Маркуас Роган, Дэвид Валтерс, Рикки Бернс, Эд Мозес, Юлия Ефимова, Иан Торп, Габриэль Роуздарды жаттықтырды.
Сиднейде жүлде алған Лизак, Пирсол, Ститс және Роуз бапкердің даңқын арттыра түсті. Дэйвтің айтуынша, ол әлемнің үздік жүзгіштерін жинап алып, жаттықтыру туралы жоспар құрмаған. Барлық спортшы танымал маманның жаттығу лагеріне қатысуды өздері сұранатын.
Сало өзі мен өзге де АҚШ бапкерлерінің жүзудегі жетістігін жекелеген жоспар мен жалпы жүзу философиясының бірігуімен және дайындық бағдарламасының көптігімен түсіндіреді.
Енді оның шәкірттері арасынан қазақстандық жүзгіштерді де көре аламыз.
«Қазақстан ҰОК президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың тапсырмасымен отандық жүзгіштердің америкалық бапкердің қоластында жаттығуы туралы келіссөздер былтырдан бері жүргізілді. Қазақстандық спортшылардың толыққанды дайындалуына мүмкіндік беретін бұл қадам барысында біз жай ғана шетелдік кеңесшіні емес, жүзу әлемінде атағы алысқа кеткен бапкерді таңдадық. Ол біздің спортшыларымыз Олимпиадаға бабында аттануы үшін үлкен көмек көрсетеріне сенімім мол», - дейді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков.
Айта кетелік, Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадасының лицензиясын алып үлгерді. Ол FINA Қытайда ұйымдастырған жаңа форматтағы турнирде тиісті нормативті орындады. Баландин Champions Swim Series турнирінің Бударештте өтетін екінші кезеңінен соң танымал бапкермен жаттығуды бастайды.
«Ертең FINA ұйымдастыратын жаңа турнирге қатысу үшін Будапештке аттанамын. Кейін дереу құрама Штаттарға бет алып, біздің жігіттердің қатарына қосыламын. Шыны керек, бұл сәтті біз көптен бері күттік. Калифорнияда жаттығуды бастасақ деген ынтам зор. Оның үстіне, өзім АҚШ-қа барып көрмеппін. Америкадағы жүзу мектебі әлем үздігі саналады, сондықтан, бұл сапар барысында үлкен тәжірибе жинап, оны өз мансабымда қолдараным сөзсіз. Дайындық барысында жалғыз болмайтыным да қуантады. Қасымда Әділбек Мусин мен Әділ Қасқабай бар. Мұндай мүмкіндік сыйлаған біздің олимпиадалық комитетке алғысым зор», - дейді Дмитрий.
Мусин мен Қасқабай кешеден бері АҚШ-тағы әйгілі бапкердің қоластында жаттығуда.
«Бұл өте мағыналы сапар. Осы сәтке қол жеткізу үшін қаншама тер төгіліп, келіссөздер жүргізілгенінен хабардармыз. Әлемге әйгілі бапкермен бірге жаттығу бізге берілген үлкен сый, үлкен мүмкіндік. Әзірге, ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе жоқ. Өйткені, келгенімізге бір күн ғана болды. Десе де, бірден жаттығуға кірісіп кеттік. Тілге қатысты аздаған қиындық бар. Бірақ бәрі бізді түсінуге тырысып, достық қарым-қатынас ұсынуда. Оның үстіне, спорттың тілі ортақ, сондықтан, бір-бірімізді түсінеміз», - дейді Әділбек Мусин.

Жарнама