Плавание
19 қаңтар 2020 11:18
 
Баландин FINA турнирінде үшінші медальді жеңді

  Пікірлер

blog.share

Баландин FINA турнирінде үшінші медальді жеңді

Қытайдың Шеньчжэн қаласында Халықаралық су спорты түрлері федерациясының (FINA) ұйымдастыруымен Champions Swim Series турнирінің екінші маусымдағы бірінші кезеңде Рио-2016 Олимпиадасының жеңімпазы қазақстандық Дмитрий Баландин үшінші медальді қанжығасына байлады, - деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Қазақстандық Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды. Ол тура 1:00.00-де келді. Алтын медальды қытайлық Зибей Ян (58.83), күміс медальді нидарландтық Арно Камминга (58.95) жеңді.

Осыған дейін, Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2:13.58 уақыт көрсеткішінде жүзіп өткен.

Турнирде нидарландтық Арно Камминга жеңіске жетті (2:09.00). Күміс жүлдені германиялық Марко Кох иеленген. Әлемдік турнирдің екінші кезеңі 18-19 қаңтар күндері Бейжіңде өтеді.

Бүгін, 19 қаңтарда, Баландин 200 метр брасспен өнер көрсетеді. Онымен бірге әлем чемпионатының қола жүлдегері жапондық Иппей Ватанабе, Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланды) және Рио-2016 күміс жүлдегері американдық Джон Прено өнер көрсетеді.

Еске салайық, Champions Swim Series бірінші маусымында Баландин Токиода өтетін Олимпиада-2020 бағдарламасына қатысуға лицензия жеңіп алған болатын.

Жарнама

Живи спортом!