Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Түркиядағы Ислам ынтымақтастығы ойындарының екінші алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол баттерфляймен 50 метр қашықтықта ақтық мәреде жеңіске жетті. Сондай-ақ, ол эстафеталық команда құрамында 4-тен 100 метр кешенді жүзуден үшінші болды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мусин 100 метр қашықтықта баттерфляймен бірінші болып өнер көрсеткен болатын.