"Реал" 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

©

"Корольдік клубтың" бас жаттықтырушысы Карло Анчелотти FIFA шақыруын қабыл алмағандарын хабарлады. Себебі өте аз көлемде қаржы ұсынған.

– "Реалдың" бір ойыны 20 млн еуро алып келеді. Ал олар болса бүкіл турнирге сонша қаржы бермек. Әрине, олай болмайды. Өзге клубтар секілді біз де бас тартамыз, - деді Анчелотти.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты келер маусымда жаңа форматқа ауысады. Оған 32 команда қатысып, жазғы бір ай ішінде АҚШ-та жеңімпазды анықтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: