Месси жаңа рекорд орнатты

"Барселона" клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси футболдан Испания чемпионатында жеңісті ойындар саны бойынша жаңа рекорд орнатты, - деп хабарлайды "Газета.ru".
"Барселона" клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси футболдан Испания чемпионатында жеңісті ойындар саны бойынша жаңа рекорд орнатты, - деп хабарлайды "Газета.ru".
6 сәуірде Примераның 31-айналымында "Барселона" 2:0 есебімен "Атлетиконы" жеңді. Голдың біреуін салған Месси үшін бұл Испания футболының жоғарғы дивизионындағы 447 кездесудегі 335-ші жеңісі екені анықталды.
31 жастағы аргентиналық сұрмерген мадридтік "Реал" экс-қақпашысы Икер Касильястың рекордын жаңартты (334 жеңіс).
Жарнама