"Команда басшылары ұжымға өзгеріс енгісі келетінін айтты. Алайда ешкім маған тікелей келіп, командадан кететінімді айтпалы. Егер клуб мененен айырылғысы келсе, жауапты адам келіп бетіме айтсын. Мен "Барселона" сапында жүргеніме алты жыл болды. Сондықтан көзіме тіке қарап айтатындай деңгейге жеткен сияқтымын. Мен де клубтың жағдайы жақсы болғанын қалаймын. Әзірге командада қалуды ойластырып отырмын. Бірақ егер клуб мені қажет етпесе, ешқандай қиындық жоқ. Менімен сөйлессін.
Қазір маған команда басшылары сеніп отыр. Сол үшін мен қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Куманмен әлі сөйлеспедім. Бапкер мені қосалқы құрамға қалдырғысы келсе де қарсы емеспін. Мен командаға кез-келген жерден көмектескім келеді. Әлі де болса командаға зор үлес қоса алатыныма сенімдімін", - деп келтіреді 33 жастағы Суарестің сөзін Eurosport порталы El Pais басылымына сілтеме жасап.
Суарес "Барселона" сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол командамен бірге 13 жүлде жеңіп алған.
57 жастағы Куман болса 19 тамыз күні команданың бас бапкері атанып, екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Ол футболшы кезінде 1989-1995 жылдар аралығында "Барселона" сапында ойнаса, 1998-1999 жылдары команданың бас бапкері көмекшісі қызметін атқарған.