Осылайша "Барселона" өз талантын басқа қлубтардың ұсынысынан сақтап қалуды көздеп отыр. Нақтырақ айтсақ, Неймармен болған сценарийді қайталағысы келіп отырған жоқ. Еске салайық, Неймарды кезінде ПСЖ 222 миллион еуроға сатып алған еді.
Фати "Барселона" сапында 2012 жылдан бері жүр. Ол басты командада 2019 жылдың 25 тамызында алаңға шығып, "Барселона" тарихында Испания біріншілігінде алаңға шыққан ең жас ойыншы атанды.