Денис Никиша Әлем Кубогінде жүлдегер атанды
Шорт-тректен Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогінің бірінші кезеңінде Қазақстан командасы екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Шорт-тректен Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогінің бірінші кезеңінде Қазақстан командасы екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық Денис Никиша 500 метрге жарысудан әлем кубогінің қола медалін иеленді. Ол аталған қашықтықты 40.876 секундта жүгіріп өткен.
Алтын және күміс медалді венгриялықтар Шаолин Сандор мен Джон Генри Крюгер жеңіп алды.
Айта кетелік, финалда екі рет ережені бұзғаны үшін Қытай және Канада спортшылары жарыстан шеттетілді.
Бейжіңдегі әлем кубогінің бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Бұған дейін Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан күміс медаль еншілеген болатын.
Жарнама