Қазақстандық мергендер Эдуард Ещенко және Әсем Орынбай Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Азия ойындарында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Стендті атудың аралас жұптық сайысында Ещенко мен Орынбай Кувейттен асып түсіп, бірінші орын иеленді. Катар мен Қытай үшінші орында.
Бұл биылғы Азиядадағы Қазақстан үшін үшінші алтын. Ал еліміздің қоржынында жалпы 17 жүлде: үш алтын, үш күміс және 11 қола.