Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті. Стенд атудан әйелдер құрамасы үздік шықты.
Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина үштігі скит сайысында алдына жан салмады. Одан өзге олар 350 ұпаймен Азия ойындары рекордын жаңартты.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 7 қола медаль бар.
Азия ойындары 23 қыркүйек күні басталды, 8 қазанға дейін жалғасады. Қазақстаннан 524 спортшы қатысуда.