Қазақстан құрамасы регбиден Олимпиадаға жолдамасыз қалды

Регби спортынан Монакода өтіп жатқан Токио Олимпиадасына іріктеу жарысында қазақстандықтар жолдамасыз қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Регби спортынан Монакода өтіп жатқан Токио Олимпиадасына іріктеу жарысында қазақстандықтар жолдамасыз қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Анна Яковлева шәкірттері турнирдің жартылай финалына шыққан еді. Алайда, бұл кезеңде азулы Ресей құрамасынан 0:38 есебімен жеңілді.
Ширек финалда Қазақстан командасы Тунисті 28:21 есебімен ұтқан болатын.
Осылайша, қазақстандық регбишілер Токио Олимпиадасына қатысу құқығына қол жеткізе алмады.
Жарнама