Қазақтың көкпаршылары америкалықтарды екі ойында 30:4 етіп жеңді

Көкпардан Қазақстан құрамасы V Бүкіләлемдік көшпенділер ойынының ширек финалында АҚШ командасынан басым түсті.
Көкпардан Қазақстан құрамасы V Бүкіләлемдік көшпенділер ойынының ширек финалында АҚШ командасынан басым түсті.
Көкпаршылардың кездесуі 12:4 есебімен Қазақстан пайдасына аяқталды, осылай біздің көкпаршылар жартылай финалға өтті.
Еске салайық, кеше көкпардан іріктеу турында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ойын 18:0 есебімен біздің спортшылар пайдасына аяқталған еді.
Жарысқа жалпы 9 ел қатысып жатыр, олар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.
Жарнама