Қазақстан көкпаршылары қрығыздармен қарымтаға бар ма? Нақты жауап айтылды

©Instagram / ulttyqatsport.kz

Кеше көкбөріден Қырғызстан құрамасының өкілдері Қазақстанмен қарымта ойын өткізу жайлы ұсыныс жолдаған. Бүгін белгілі журналист Аслан Қаженов бұл жайтқа қатысты келелі ойы мен кесімді пікірін білдірді. Ол мамандармен сөйлесіп, реванш болмайтынын әлеуметтік желісінде жазды. 

"Қырғызстан көкбөрі федерациясы басшысының ұсынысын көрдім. Абсурд қой. Кейін өзіміздің салаға жауапты мамандармен сөйлестім. Қысқасы, қараша айында реванш болмайды. Оның ешқандай мәні жоқ және оны өткізуге ешқандай негіз де жоқ", - дейді журналист. 

Сондай-ақ Аслан Қаженов қырғыздарға Көшпенділер ойындарындағы жеңілісті қабылдап, келер жарысты күткенін жөн санайды. 

"Сіздердің жоспарыңыз орындалмағанына біздің жігіттер кінәлі емес. Сіздердің ғана көңіліңізге қарап, жеңіліп қалуға тағы болмайды. Бұнда да қалың ел бар. Олардың да қуануға қақы бар", - дейді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: