Жанжал мен камбэк. Қырғыздар мен қазақтар тартысты финалда чемпионды анықтады

©worldnomadgames.kz

Бүгін, 12 қыркүйекте Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан мен Қырғызстан арасында көкпардан финалдық ойын өтті. 

Ойын тартысты өтті. Қазақстандықтар есеп ашқанымен, ары қарай қырғыздар басым түсе бастады - 1:3.

Осыдан кейін қырғыздар командасында жанжал туып, полицияның араласуына дейін жетті. Салдарынан ойын жарты сағатқа тоқтап қалды. Үзілістен кейін қазақ көкпаршылары есепте алға шықты - 4:3.

Екінші тайм аяқталуға бірнеше секунд қалғанда қырғызстандық команда есепті теңестіріп үлгерді. Дегенмен қосымша уақытта қазақ көкпаршылары басымдығын дәлелдей алды, қорытынды есеп - 5:4.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: