Профи-бокс
28 ақпан 2018 17:04
 
World Boxing News сайтының редакторы: Головкин - Альварес жекпе-жегі жыл кездесуі

  Пікірлер

blog.share

World Boxing News сайтының редакторы: Головкин - Альварес жекпе-жегі жыл кездесуі © boxingscene.com

Америкалық World Boxing News сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz сайтына берген сұхбатында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жекке "жыл кездесуі" деген баға берді.

"Мен Энтони Джошуа мен Деонтей Уайлдердің жұдырықтасуын көргім келеді, сонымен қатар Александр Усик пен Мурат Гассиевтың шайқасында тамашалағым келеді. Бұл нағыз екі жекпе-жек. Алайдың жыл жекпе-жегі деген атаққа Головкин мен Альварестің жұбы лайықты. Лас-Вегасқа баруға асықпын", - дейді Джой.

Бүгін, 28 ақпанда Лос-Анджелесте медиа шара өтті, онда GGG мен "Канело" көз арбасты, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Баспасөз конференциясында Головкин НВО шолушыларын сынап тастады, ал Альварес өз кезегінде Головкиннің бапкері Абель Санчеспен жанжалдасты. Видеоны мына жерден көре аласыздар.

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді. Жекпе-жекке билет құны 300 (96 000 теңге) -5000 (1 600 000 теңге) доллар аралығында бағаланды. НВО арнасы ақылы трансляция жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Жарнама

Живи спортом!