WBC ұйымы Геннадий Головкинді "Жыл адамы" деп таныды
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) "Жыл адамы" деп таныды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин - WBC нұсқасы бойынша "Жыл адамы-2017", ол бокс үшін істегені және бокстан да бөлек істері үшін", - деді Сулейман.
“GGG is the WBC Man of The Year 2017 for all that he has done for boxing inside and outside of the ring.” - Mauricio Sulaiman. pic.twitter.com/0zucmm4EiH
— World Boxing Council (@WBCBoxing) 5 октября 2017 г.
Осыған дейін, қазан айының ортасында Головкиннің Мехикоға баратыны белгілі болды. Ол онда жер сілкінісінен зардап шекендерге көмектеседі.
Сонымен қатар Геннадий Головкин немістің Гифхорн қаласындағы қайырымдылық бокс кешіне де қатысты, Бұл қайырымдылық қоры Эдуард Гуткнехтті қолдау мақсатында ұйымдастырылған. 29 қыркүйекте өткен шараға 100 мыңдай адам қатысқан, оның ішінде спорт әлемінде жақсы таныс адамдар да бар. Ұйымдастырушылар 50 мың еуро жинапты, бұл қаражат Гуткнехттің отбасына беріледі. Ал Головкиннің өзі 25 мың еуро аударды.
Жарнама