Профи-бокс
11 сәуір 2018 10:36
 
WBC президенті Головкин үшін лайықты қарсылас болатын боксшыны атады

  Пікірлер

blog.share

WBC президенті Головкин үшін лайықты қарсылас болатын боксшыны атады Гэри О’Салливан. Сурет: boxingscene.com

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті ирландиялық боксшы Гэри О’Салливан мексикалық Сауль "Канело" Альварес кездесуден кейін бас тартқан соң 5-мамырға қарсылас іздестіріп жатқан орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге лайықты қарсылас болатынын айтты. 

"Гэри WBC рейтингіне кіретін жақсы боксшы. Ол "Таза бокс" бағдарламасы үшін құжаттарды толтыруы керек. Менің ойымша, бұл жақсы кездесу болады. Бұл кездесуді мақұлдайды деп үміттенемін. Головкин белбеулерін қорғауға лайықты. О’Салливан шаршы алаңға 4-мамыр күні шығуға дайындалып жүрген. Ол белбеулерін ерікті қорғайтын боксшыға лайықты қарсылас. Ол іш пыстыртатын боксшы емес", - деп келтіреді Сулейманның сөзін boxingscene.com порталы. 

Еске салайық, 5-мамыр күні Головкин кәсіпқой бокстағы 39 жекпе-жегін өткізуі тиіс. Әу баста қазақстандық боксшының қарсыласы Сауль "Канело" Альварес болуы керек еді. Бірақ 3-сәуірден 4-сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшының бас тартуына байланысты, жекпе-жек өтпейтін болды

Содан соң сөз кезегін Головкин алып, бәрібір 5-мамыр күні жұдырықтасуға ниетті екенін айтты. Алдағы кездесудің өтетін орны ретінде Лас-Вегастағы MGM Grand таңдалды. Мұны комиссия да қолдады. Бірақ осы аптаның басында жекпе-жек Лас-Вегастан Лос-Анджелеске ауысуы мүмкін екені белгілі болды. 

Бұл кездесуде Головкиннің қарсыласы әлі анықталған жоқ. Дегенмен де отандысымыздың қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко немесе ирландиялық Гэри О'Салливан болуы мүмкін. 

Отандасымыздың промоутері Том Леффлердің айтуынша, Головкинмен кездесуге ниетті боксшылар көп. Нақтырақ айтсақ, олар қазір бес боксшымен келіссөз жүргізіп жатыр екен. 

Жарнама

Живи спортом!