Бүкіләлемдік бокс федерациясының (WBC) президенті Маурисио Сулейман қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Алоьврес арасындағы жекпе-жекті өткізуге ең жақсы орынды ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Головкин мен Альварес жекпе-жекті стадионда өткізеді деген үміттемін. Мен бұл кеш Далластағы AT&T Stadium немесе Лос-Анжелестегі Dodgers Stadium стадионында өткенін қалар едім. Бокс жанкүйерлері стадионға барады, ал Лас-Вегастағы көрермендер ондай емес.
Егер олар Далласта жұдырықтасса, олар Техаста өткен Унтакер - Чавес жекпе-жегінің рекордын жаңартып, 100 мың көрермен жинайтынына сенімдімін", - деп келтіреді Сулейманның сөзін Mediotiempo.com.
Айта кетейік, Хулио Сезар Чаестің әкесі және Пернелло Унтакер арасындағы жекпе-жек 1993 жылы 10 қыркүйекте өтіп, 65 мың көрермен жинаған болатын.
16 қыркүйекте өтетін Головкин-Альварес жекпе-жегіне қазақстандық боксшының WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеуі, ал "Канелоның" The Ring журналының тұжырымы бойынша берілген чемпиондық белбеуі тігіледі.

Жарнама