WBA ресейлік Дмитрий Биволға міндетті қарсылас белгіледі
Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволға міндетті қарсылас белгіледі, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволға міндетті қарсылас белгіледі, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Биволдың міндетті қарсыласы осы салмақта ұйымның рейтингінде бірінші орында тұрған мексикалық Хильберто Рамирес болды.
Дүйсенбі күні WBA екі боксшының командасына бұл шешім туралы хабар берді. Енді екі командада кездесуді ұйымдастыру үшін 30 күн уақыт берілген. Яғни, 10 тамызға дейін. Егер келісімге келе алмаса, жекпе-жекті өткізу құқығы промоутерлік бассаудаға қойылады.
Ескке салайық, Бивол өзінің соңғы кездесуін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізді. 12 раундта созылған бұл айқаста ресейлік төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.
Жарнама