Үш жылдық үзлістен кейін Аида Сатыбалдинова боксқа қайта оралды

Қазақстандық бұрымды боксшы Аида Сатыбалдинованың (5-2-1, 5 КО) кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық бұрымды боксшы Аида Сатыбалдинованың (5-2-1, 5 КО) кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
BoxRec ақпараты бойынша, Сатыбалдинова 18 маусым күні Коммерс (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында америклық Элизабет Туанимен (1-7, 0 КО) кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Аида Сатыбалдинованың шаршы алаңға шықпағанына үш жылдай уақыт болды. Ол соңғы кездесуін 2019 жылы шілдеде өткізді. Аталған айқаста отандасымыз мексикалық Даяна Гонсалестен жеңілді.
Жарнама