Уайлдерің командасы жекпе-жек үшін Джошуаға 50 миллион доллар ұсынды
©:Daily Express
Аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері америкалық Деонтей Уайлдердің (40-0, 39 КО) командасы WBA, WBO және IBF белбеулерінің иегері британдық Энтони Джошуа (21-0, 20 КО) мен оның промоутері Эдди Хирнге барлық белбеулерді біріктіретін жекпе-жек ұйымдастыру үшін соңғы ұсыныс жіберіпті. Бұл ұсыныста Джошуаның сыйақысы 50 миллион доллар болады деп көрсетілген, деп жазады AllBoxing.Ru порталы Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап.
Жекпе-жектің өтетін орнын Уайлдер таңдайды екен. Ал кездесу осы жылдың қыркүйек немесе желтоқсан айында өтуі мүмкін.
Келісімшартта реванш қарастырылмаған. Сондай-ақ келісімшарт бойынша қосымша табыстар 100 миллионнан асатын болса, онда оның 50 пайызы Джошуаға кетеді екен.
Уайлдер Джошуамен Англияда жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты
Еске салайық, бұған дейін Джошуаның командасы жекпе-жекті Ұлыбританияда өткізу үшін Уайлдерге 12,5 миллион доллар ұсынған еді. Бірақ бұл британдық боксшының соңғы ұсыныс емес еді. Енді қазір Хирн Уайлдердің өкілдерімен Нью-Йорк қаласында бетпе-бет кездесіп, келіссөз жүргізуге ниетті.
Джошуаның өзі болса 12,5 миллион сыйақыны аз деген Уайлдердің командасына қосымша табыс 100 миллион доллардан асатын болса, табыстың 50 пайызын америкалық боксшыға беруге дайын екенін айтты.
"Джошуаның бұл кездесуді өткізуге қаншалықты дайын екенін көреміз. Ол біз ұсынған ұсынысты қабыл аламын деп еді. Енді Эдди Хирн әу баста жекпе-жекті өткізбейге ниетті болған болса, оны көреміз. Бірақ біз оларға керемет ұсыныс жасадық. Ойланып көрулері керек", - дейді Уайлдердің промоутері Лу Дибелла.

Жарнама