Уайлдер Джошуамен Англияда жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты
Джошуа және Уайлдер. Коллаж Sky Sports
Аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері америкалық Деонтей Уайлдер (39-0, 38 КО) BBC басылымына берген сұқбатында Ұлыбританияға барып, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иегері Энтони Джошуамен (20-0, 20 КО) кездесуге дайын екенін айтты.
Ол өз сұқбатында промоутер Эдди Хирнді қорқақ деп айыптап, енді Джошуаны жекпе-жек өткізуге тек жанкүйерлер ғана үгіттей алатынын айтты.
"Хирн менен Джошуаға қарағанда қатты қорқады. Егер Джошуа шынымен мықты болса, англиялық жанкүйерлер оны менімен жұдырықтасуға үгіттейді деп ойлаймын. Жанкүйерлерге шынымен кімнің мықты екенін анықтағаны маңызды емес пе?
Мен Джошуадан мықтымын. Егер менімен келіспейтіндер болса, маған оны дәлелдесін. Америка - бокстың Меккесі. Дегенмен де Джошуа өзінің үйінде отыра бергісі келетін болса, мен Англияға барып, жекпе-жек өткізуге дайынмын", - дейді Уайлдер.
Айта кетейік, бұған дейін Уайлдер өзін аса ауыр салмақтағы нөмірі бірінші боксшы екенін айтып, Джошуаны жекпе-жекке шақырған еді.

Жарнама