Танымал The Ring журналының тілшісі Майк Коппинджер орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін кездесу туралы ойымен бөлісті.
"Сіздер "Канелоны" дұрыс бағаламай жүрсіздер. Оның бір артықшылығы - жасында. Ол керемет панчер. Шабуылдағы комбинациялары да мықты. Рингте ара-қашықтықты сақтап, керемет жұдырықтаса алады. Ал Головкиннің кемшілігі - қорғанысында. "Канело" болса қорғанысын көп ойлайтын боксшы.
Головкин соққы жасаман кезде басын аз қозғалтады. Джейкобс бірнеше тіке соққылардың арқасында Головкиннің басына дәл тигізді. Ол кездесуде мен тең өткен жекпе-жекті көрдім. Сондықтанда көпшіліктің сөзіне ермеңіздер. "Канелоның" Головкинге қарағанда ірілеу. Мұның өзі жекпе-жек кезінде маңызды рөл атқарады", - деп жазады Коппинджер өзінің твиттер парақшасында.
Еске салайық, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама