Профи-бокс
28 қараша 2017 12:18
 
The Ring журналының редакторы Келл Бруктың деңгейін Қанат Исламмен бірдей екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

The Ring журналының редакторы Келл Бруктың деңгейін Қанат Исламмен бірдей екенін айтты ©:RingSide24

The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер Келл Бруктың бірінші орта салмақтағы мүмкіндіктеріне баға беріп, британдық боксшының бұл салмақтағы басқа боксшылармен салыстырды. 

"Егер Келл Брук Геннадий Головкин мен Эррол Спенспен өткен кездесулерде алған жарақатынан жүз пайыз айығатын болса, онда ол бірінші орта салмақтағы мықты деген боксшыларға мықты қарсылық көрсете алады. Дегенмен де мен оны Эрисланди Лара, Джермалл Чарло тіпті Джарред Хардтан төмен қоятын едім. 

Мен Брукты Лиам Смит, Қанат Ислам, Лиам Уильсон, Брайан Кастано, Остин Траут және Мишель Соро секілді боксшылармен бір деңгейге қойып, Мацей Сулецки, Диего Чавес және Джек Кулкай секілді боксшылардан жоғары қоямын. 

Жалпы Бруктың бірінші орта салмақтағы болашағы бар. Барлығы оның жарақатынан қаншалықты айығып кететініне тікелей байланысты", - деп жазады Фишер. 

Еске салайық, 2016 жылдың қыркүйек айында Брук орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO белбеулерінің иерегрі қазақстандық Геннадий Головкинмен кездескен. Ол жекпе-жек Лондон қаласында өтіп, GGG бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осы кездесуде Брук көзін жарақаттап алған еді.

Ал өзінің соңғы кездесуін Брук америкалық Эррол Спенске (27 мамыр) қарсы өткізіп, 11 раундта нокаутпен жеңіліс тапты. Бұл кездесуде британдық боксшы тағы да көзін жарақаттап алды. Осы кездесуден кейін Брук біржолата бокстан кетемін дегенді айтты. Бірақ кейін ол командасымен ақылдасып, карьерасын жалғастыратын болды

Жарнама

Живи спортом!