Тедди Атлас Пакьяо мен Хорн жекпе-жегінің төрешісі сатылған деп айыптады
©boxingscene.com
Танымал америкалық бапкер мен бокс маманы Тедди Атлас Джеф Хорн мен Мэнни Пакьяо арасындағы кездесуде 117-111 есебін тіркеген төрешінің параға қатысы бар екенін айтты. Бұл туралы Tofight.ru порталы хабарлайды.
Еске салайық, 2 шілде күні Брисбенде өткен кездесуде австралиялық боксшы төрешілердің 117-111, 115-113, 115-113 есебімен жеңіске жеткен еді. Бірақ бұл кездесуден кейін бокс мамандарының көпшілігі бұл шешімнің әділетсіз болғанын айтып жатыр. Солардың бірі Тедди Атлас. Ол төрешілердің бірі сатылған деп есептейді.
"Бұл жерде төрешілердің біліксіздігі орын алды немесе төрешілердің бірінің параға қатысы бар. Кешірім сұраймын, бірақ егер сіз спортта жұмыс істейтін болсаңыз, бұл жерде өтірік айту қиын. Кімнің қисық, кімнің дәл ұрғанын, кімнің нокаутқа түсіп қалуына шақ қалғанын өздеріңіздер де көрдіңіздер. Менің ойымша, бұл жерде параның қатысы бар. Оған еш күмәнім жоқ. Мен боксты қатты жақсы көремін. Алайда бұл нәтиже мен үшін өте өкінішті. Бұл әлемдегі ең мықты спорттың түрі. Екі боксшы жанкүйерлер үшін керемет жекпе-жек өткізді. Кездесуді тіпті тегін көрсетті. Дегенмен төрешілердің шешімі барлығын құртып тастады", - дейді Атлас.
Бұл кездесуден кейін Пакьяо 2016 жылдың қараша айында жеңіп алған жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылып қалды. 38 жастағы боксшы үшін бұл карьерасындағы жетінші жеңіліс еді. Ал жалпы ол кәсіпқой бокста 59 жеңіске жетсе (38 нокаут), екі кездесуінде қарсыласымен тең түскен. 29 жастағы Хорн осы уақытқа дейін 17 кездесуде жеңіске жетсе (11 нокаут), бір рет тең түскен.

Жарнама