Аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері ұлыбританиялық Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 KO) отандасы Энтони Джошуамен (24-3, 22 KO) жекпе-жектің өтпейтінін хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Негізі бұл кездесудің келісімшарты 26 қыркүйекке дейін жасалуы керек болатын. Бірақ келісімшарт сол күйі жасалмады.
"Сонымен жігіттер, ресми бұл кездесу өтпейді. Сағат бестен асып кетті. Ал келісімшарт жасалмады. Джошуа үшін бәрі де ресми аяқталды. Бұл жекпе-жек туралы ұмытыңыздар. Ақымақ, қорқақ бодибилдер.
Мен Джошуаның "Сыған патшасымен" (Фьюридің лақап аты - ред) жекпе-жек өткізуге ерлігі жетпейтінін білгем. Енді не айтсаң да маған бәрібір. Өмірде және карьераңда сәттілік тілеймін", - деді Фьюри әлеуметтік желісінде.